11.05.2023, 15:57
Қоғам
Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың мүлкіне тыйым салынуы мүмкін
Олардың тізімі сот орындаушыларына жолданған
Фото ашық дереккөзден
Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың шоты бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv – ға сілтеме жасап.
Олардың тізімі сот орындаушыларына жолданған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бүгінде мүлік пен көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың жалпы қарызы 29 млрд теңгеге жетеді. Оның 90 пайызы - көлік салығына тиесілі.
Қарызы 138 мыңнан асатын борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынбақ.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)