$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2023, 13:31
Қоғам

Петропавлда құны 172 миллион теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды - прокуратура

Бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген

Петропавлда құны 172 миллион теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды - прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасының сақталуына тексеру шеңберінде Петропавл қаласының прокуратурасы өрескел бұзушылықтарды анықтады. Аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне әкімдіктің 2021 жылғы маусымдағы қаулысымен көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін конкурстан тыс инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген.

«Алайда мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережелері тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап (яғни, жер учаскесі берілгеннен кейін 6 айдан кейін) қолданысқа енгізілді. Инвестициялық жоба мүлдем болған жоқ», - делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, қаланың 69 жер пайдаланушысы тарапынан жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары бойынша сомаларды төлеу бойынша шарттық және салық міндеттемелерін орындамау фактілері бойынша мемлекет бюджетіне 119 млн теңге өндірілді.

Облыстың Әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты лауазымды адам "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары