07.05.2023, 11:43
Қоғам
Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды
Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде
6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді