06.05.2023, 16:45
Қоғам
Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Шет мемлекеттің жеті азаматы Қазақстан-Ресей шекарасынан заңсыз өтуге талпынған
Өзбекстан азаматтары өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Мой город-қа сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, тепловизор жеті адамның өткізу пункттерін айналып өтіп, Қазақстан мен Ресей шекарасын заңсыз кескенін тіркеген.
«Тепловизорда іс-қозғалыс нақты тіркелді. Шекарашылар шұғыл әрекет етіп, олардың заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Аталған адамдар ұсталды. Олар шекарадан өту құқығының шектелуіне байланысты осындай заңсыз әрекетке барғаны анықталды», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті.
Ұсталған Өзбекстан азаматтары жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді