ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Коронавирус: ЖОО-да қашықтан оқыту қалай жүргізіледі

 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО-лар онлайн оқу режиміне көшеді

Білім және ғылым министрі 16 наурыздан бастап ЖОО-лар мен колледждердің қашықтан оқу жүйесіне қалай көшетінін түсіндірді.

«Бізде кейбір университеттер Kanvas деген жүйені қолданады. Сол бойынша қашықтан оқытады. Қашықтан оқыту - жаңа тәжірибе емес. Жарты жылдан бері кей ЖОО part time жүйесіне көшкен. Ал колледждерде, басқа ЖОО-ларда платонус бар, Google, Classroom сияқты жүйелермен жұмысын жүргізе алады», - деді министр.

Бірақ ол уақыт бойынша бәріне беріліп отырған ортақ талаптар бар екенін ескертті.

«Біз барлық оқу орындары бойынша қажетті тестілеуді өткіздік. Бұл дайындық шараларын біз алдын ала бастадық. Бізде жұмыс тобы құрылды. Тиісті мамандар, мұғалімдер болды. Университет басшылары, бәрі бірігіп алгоритмді анықтады»- деп қосты ол.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан