Қазақстанда кинотеатрлар жұмысын тоқтатады
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сауда орындары жұмысын жалғастыра береді.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Кинотетарлар жұмыс істемейді. Біз бұл мәселені ұзақ талқыладық. Өздеріңіз білетіндей, бір фильм 1 сағаттан аса жүреді. Бір жерде сонша уақыт отыру мәселе тудырады», - деді вице-премьер.
Еліміздегі кинотеатрлар ведомствоаралық комиссия құжатқа қол қойған күннен бастап жұмысын уақытша тоқтатады. Алайда, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сауда орындары жұмысын жалғастыра береді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алда болатын барлық қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатыны айтылды.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан