$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2020, 13:44
Қоғам

Вице-премьер қазақстандықтарды той жасамауға шақырды

Маңызды мәдени іс-шаралар жағдай қалыпқа түскен соң өткізіледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус қаупіне байланысты қазақстандықтарды той жасауды шектеуге шақырды.

«Үйлену тойы, туған күн мерекелері өте маңызды шара. Бірақ денсаулық мәселесі одан да маңызды. Сондықтан той өткізбес бұрын жақсылап ойлану керек. Ең болмағанда, қонақтар санын барынша азайтқан дұрыс. Мүмкіндік болса, кейінге қалдыруға шақырамын», - деді Е.Тоғжанов.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов халықты қалыптасып отырған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Әрине, бәрі тойға құрметтеген соң барады. Қуанышты сәтте той иесінің жанында болғысы келеді. Бірақ қазіргі жағдай - бұл басқа жағдай. Кейбір азаматтар мәселені жете түсінбегендіктен, әлі де шетелге шығуын тоқтатпай жатыр. Азаматтар қайта елге оралғанда карантинге түсетінінін біле тұра кетеді. Сондықтан тойға келушілер емес, тойды жасаушылар қатты ойланса екен. Себебі, азаматтардың өміріне қауіп төндіреді», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады – Тоқаев

Вице-премьердің айтуынша, маңызды мәдени іс-шаралар жағдай қалыпқа түскен соң өткізіледі.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары