$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2023, 23:43
Қоғам

Атырауда көпқабатты үйдің жертөлесі жеке адамдарға сатылып кеткен

9 қабатты үйдің жертөлесін сатып алғандар әр жерден тесіп, есік шығарған

Атырауда көпқабатты үйдің жертөлесі жеке адамдарға сатылып кеткен
astanatv.kz

Атырауда көпқабатты үйдің жертөлесі жеке адамдарға сатылып кеткен. Ал олар қабырғасын бірнеше жерден тесіп, әр жерден есік шығарып алыпты. Жаңа қожайындар дүкен мен сырахана ашып, білгендерін істеп жатыр деп тұрғындар ашуланады. Тиісті органдарға бірнеше рет арыздансақ та, ешкім селт етпей отыр дейді. Атыраулық тұрғындардың шағымын Астана арнасы жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы бірнеше айдан бері Атырауда «Алмагүл» ықшамауданындағы нөмірі 10-үй тұрғындарының тыныштығы бұзылған. 9 қабатты үйдің жертөлесін сатып алғандар әр жерден тесіп, есік шығарған. Салдарынан үйдің ішкі, сыртқы қабырғалары жарылып жатыр.

Ал қалалық сәулет құрылыс бөлімі аталған мекен-жайды қайта жоспарлауға рұқсат бердік деп отыр. Ол кезде кәсіпкер тұрғындардың үштен екісінің келісім берген құжатты ұсынған.

 «Құжаты бөлімге тапсырылған кезде есіктері бұрыннан бар екендігі көрсетілді. Бұл құжаттың сәйкессіздігі. Бұған бөлек тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады», - деді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Фараб Қуанышқалиев.

Енді олар жағдайды анықтау үшін сәулет құрылыс бақылау департаментіне жолдайтынын айтып отыр. Бір қызығы, департамент мамандары 10 күн бұрын тұрғындардың арызына «кәсіпкерге ешқандай рұқсат құжат берілмеді» деп жауап жолдаған. Кәсіпкер болса, сатып жібергенін айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары