$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2020, 11:09
Қоғам

Моңғолия Нұр-Сұлтанға қатынайтын әуе рейстерін уақытша тоқтатты

Ресейден шетелдік азаматтардың келуіне де тыйым салынады

Моңғолия Нұр-Сұлтанға қатынайтын әуе рейстерін уақытша тоқтатты

Моңғолияның мемлекеттік төтенше жағдайлар комиссиясы Мәскеу, Ыстанбұл және Нұр-Сұлтанға дейінгі барлық тұрақты рейсті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Моңғолия коронавирустың таралуына байланысты Ресей (Мәскеу), Түркия (Ыстанбұл) және Қазақстан (Нұр-Сұлтан) әуежайларына қатынайтын және кері ұшатын барлық жолаушылар рейсін уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім 11-28 наурыз аралығындағы кезеңді қамтиды.

Осыған орай, MIAT әуе компаниясы 11-28 наурыз аралығында аталған мемлекеттерден еліне тез оралуы тиіс Моңғолия азаматтарын эвакуациялаумен айналысады. Бұған қоса, Моңғолия азаматтарына Моңғолия – Ресей автомобиль шекара жолы арқылы Ресейге кіруге, 31 наурызға дейін Ресейден шетелдік азаматтардың келуіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, Ұлан-Батыр – Иркутск – Ұлан-Батыр және Ұлан-Батыр – Мәскеу – Ұлан-Батыр теміржол маршруттары 28 наурызға дейін тоқтатылды.

«Жүк тасымалдары қалыпты режимде жұмыс істейді», - деді Моңғолияның Жол және көліктік даму министрі Энх-Амгалан мемлекеттік төтенше жағдайлар комиссиясы резолюциясына арналған баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Моңғолия коронавирустың таралуына байланысты Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг пен Тайваньға әуе рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары