23.04.2023, 16:27
Қоғам
«Девушка-джигит» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса қайтыс болды
Лидия Шарапованың бақилық болғанын оның ұлы Тимур Ашрапов растады
«Девушка-джигит» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Лидия Шарапова қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі 89 жасқа қараған шағында 21 сәуірде қайтыс болған.
Актрисаның жақындарының айтуынша, ол өмірінің соңғы жылдарын Қырымда өткізген. Алматыға балаларының ортасына оралуды жоспарлап жүріпті.
Лидия 1935 жылы Якутияның Амга ауылында дүниеге келген. Ташкент хореографиялық училищесінде білім алып, жергілікті филармонияда еңбек етіп, содан кейін қазақ ән және би ансамблінде солист болған. «Қазақфильмде» де бірнеше кинокартинада түрлі рөлдерді сомдаған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы