23.04.2023, 18:00
Қоғам
Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі болды
Индонезияда бірнеше сағат айырмашылықпен екі жойқын зілзала болған
EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 23 сәуірде Кепулауан Бату архипелагы маңында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы 6,1 балл болды. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. EMSC мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.
Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.
Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені - Танахбала.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы