23.04.2023, 16:01
Қоғам
«Есіктерді ауыстыру кезінде түсірілген»: Талғардың білім бөлімі дәретханадағы даулы видеоға қатысты түсініктеме берді
Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің біріндегі есігі жоқ әжетхананың видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті.
Осы жағдайға қатысты аудандық білім бөлімі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.
Видео Ақтас ауылындағы N36 орта мектепте түсірілген. Аудандық білім бөлімі бұл жәйт әжетханадағы жөндеу жұмыстары кезінде болғанын айтады.
«Мектепте 28 дәретхана бар, оның 14-і қыздарға, 14-і ұлдарға арналған. Видео ұлдарға арналған дәретхананың есіктерін ауыстыру кезінде түсірілген. Қазіргі уақытта дәретханадағы барлық есік қалпына келтірілді», - деді Талғар ауданы білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова.
Ақтас ауылының N°36 орта мектебінде қазіргі күні 2400 оқушы білім алып жатыр.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты