$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2023, 14:45
Қоғам

Ердоған жойқын зілзаладан баспанасыз қалғандарға жаңа үйдің кілтін табыстады

Үй-күйсіз қалғандардың жаңа қонысы жер сілкінісінің ошағы болған Газиантеп пен Кахраманмараш провинциясының аумағында орналасқан

Ердоған жойқын зілзаладан баспанасыз қалғандарға жаңа үйдің кілтін табыстады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның апат болған аймағында салынған жаңа үйлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Anadolu порталына сілтеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп провинциясының Нурдагы ауданының Белпынар ауылында, Кахраманмараш провинциясының Местхююк және Түркоғлы Өзбек ауылдарында баспаналардың кілтін тапсыру рәсіміне өзі қатысты.

«6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен 15 күн өткен соң, жаңа үйлердің фундаменті қаланды. Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы биыл тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің фундаменті қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Біздің міндетіміз жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру», - деді президент.

Ол апат аймағындағы барлық қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданған екен. Олардың бірі фермерлерді пайызсыз несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары