$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы боранға байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа келе алмады

Сотқа Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар тағы бірнеше айыпталушы қатысып жатыр

Астанадағы боранға байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа келе алмады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотқа Байқоңыр аудандық 2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов төрелік етіп жатыр. Ал, іс бойынша басты айыпталушы Арыстанбең Мұхамедиұлы сотқа 64 қамау мекемесінен онлайн режимде қатысып отыр.

«Ақша жымқырды деп айыпталған бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ауа райына байланысты сотқа жеткізілмейді. Сотталушы zoom - да бейнеконференция арқылы алдын ала тыңдауларға қатысады», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.

Жалпы, Мұхамедиұымен қатар, бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен А. Ш. Нұразхан, А. Қ. Көшенов және А. Т. Сәдуақасовтар сотта жауап беруде.

Серіктес жаңалықтары