ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Ақылы жолдардан 600 млн теңге табыс түскен

2024 жылға қарай 5,3 мың шақырым жол ақылы болады 

2020 жылдың екі айында Қазақстандағы ақылы жолдардан 643,1 млн теңге қаражат жиналған. 
Қазір Қазақстан бойынша 4 ақылы жол, атап айтсақ, «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Алматы-Қапшағай» және  «Алматы – Қорғас» трассалары бар.

Осы жол учаскелерінің біріншісінен 215,5 млн, екіншісінен 167 млн, үшінші тас жолдан 140,1 млн, төртіншісінен 120 млн теңге жиналған. Сондай-ақ, былтыр ақылы жол учаскелерінен бас-аяғы 5,4 млрд теңге табыс түсті.   Осы қаражаттың ішінен 3,8 млрд теңге трассаларды күтіп ұстауға,  1,6 млрд теңгесі – төлем алу жүйесіне қызмет көрсету шараларына жұмсалған,- деп айтылды  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің селекторлық кеңесінде.

Айта кетейік,  2019 жылдың желтоқсанында жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылған. Келісімге сәйкес, биыл реконструкциядан өткен 5,7 мың шақырым жолда төлем жүйесі орнатылады деген жоспар бар. Қалған 5,3 мың шақырым жол 2024 жылға дейін реконструкциядан өтіп, ақылы трассаға айналады.