$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2020, 10:24
Қоғам

БЖЗҚ қараусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

Қор жарна аудармай жүрген салымшыларды іздеуді тоқтатпаған

БЖЗҚ қараусыз  қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері  қараусыз қалған 675 мың зейнетақы шотының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген қараусыз қалған  шоттар екен.

«Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандартағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары», -делінген хабарламада.

БЖЗҚ  түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірген. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 523 202 жарна келіп түскен. Бірақ қор соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастырып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары