06.03.2020, 09:52
Қоғам
Астана жастары 1001 қызғалдақ таратады
Шара үш күнге жалғасады
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық волонтерлар «Көктем шуағы» акциясын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін акция «Астаналық» сауда орталығының аумағында бастау алды. Онда қала еріктілері жұмысшыларға қызғалдақ сыйлап, мейрам қарсаңында жылы лебіздерін білдірді. Акцияға 20-ға жуық ерікті қатысты. Олардың қатарында Әлішер Ешенқұлов сияқты жас кәсіпкерлер де бар»,- делінген хабарламада.

Наурыздың 5-8 аралығында жалғасатын акция аясында «Астана жастары» волонтерлары қаланың кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, 1001 қызғалдақ тарататын болады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)