«AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын тазалауды бастады
Науқан бүкіл өңірде жүзеге асырылады

«AMANAT» партиясы ғимараттардың сыртына жапсырылған үгіт-насихат материалдарын алуды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Науқан коммуналдық қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында барлық өңірде өтеді.
Жалпы, «AMANAT» партиясы сайлау науқанында 6 млн-нан астам үгіт-насихат материалдарын таратты.
«Партияның 20 мыңға жуық сенімді өкілі коммуналдық қызметтің жұмысын жақсарту мақсатында барлық өңірде тазалау жұмысын бастап кетті. Коммуналдық қызметте істейтін замандастарымыздың жұмысы онсыз да көп, сондықтан біз өз тарапымыздан көмек болсын деп, үгіт-насихат материалдарын тазалауды жөн көрдік», - деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.
Үгіт-насихат материалдарын тазалау жұмысы бір аптаға жалғасады.