ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Коронавирус: Air Astana ұшу кестесіне өзгерістер енгізді

Компания жолаушыларға SMS және е-мail арқылы хабарландыру жібереді

«Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Сеулға, Алматыдан Бакуға ұшатын рейстер қысқартылды, ал Нұр-Сұлтаннан Баку мен Парижге тоқтатылды және Гонконгқа ұшатын рейстер 7 Наурыздан 31 мамырға дейін тоқтатылады. Сондай-ақ, Куала-Лумпурға рейстер жиілігі азаяды, және 14 cәуірден 31 мамырға дейін тоқтатылады»,- деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын әуе компаниясы Бейжің мен Үрімшіге ұшатын рейстерді тоқтатқан болатын. Алматы мен Мумбай арасындағы әуе қатынасы кейінге қалдырылады. Өзгерістер кейбір басқа маршруттарға қатысты болуы мүмкін. Осы бағыттар бойынша жолаушылардың айыппұлсыз билеттерін қайтаруға және брондауға, сондай-ақ ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндіктері бар.

Осы рейстердің жолаушыларына әуе компаниясының Брондау және ақпарат орталығы тиісті SMS және е-мail арқылы хабарландыру жібереді. Жолаушылар өздерінің ұшу маршрутын  air.astana.com сайтында «Брондауды басқару» парақшасында, call.centre@airastana.com емейлі, немесе +7 727-24444-77 нөмірі арқылы өзгерте алады.