Байқаушылардың саны көп және белсенді - сарапшы

Меруерт Кенжебайқызы сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары деп атап өтті

Байқаушылардың саны көп және белсенді - сарапшы

Саясаттанушы Меруерт Кенжебайқызы жылдың ең ірі саяси оқиғасы - сайлауға азаматтардың белсенді қатысып жатқаны қуантатынын алға тартты. Өз таңдауын жасап үлгерген сарапшы Azattyq Ruhy тілшісіне бұл жолы үміткерлер мен дауыс берушілерге жасаған мүмкіндіктерді атап өтті.

«Біріншіден, сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары және сайлау учаскелерінде цифрлы Қазақстан мүмкіндігін ескере отырып, еш кедергісіз электронды жеке куәлікпен дауыс беруге қатысуға болатыны өте дұрыс. Болашақта Орталық сайлау комиссиясы осындай үрдісті дамытып мысалы, азаматтардың сайлау округінен шығып, қайта тіркелуіне қатысты арызды электронды түрде жүзеге асыруды енгізсе, азаматтарға тиімді болар еді», - дейді саясаттанушы Меруерт Кенжебайқызы.

Саясаттанушының назарын аудартқан екінші нәрсе - бақылаушылар институты деңгейінің артқандығы.

«Бүгінгі сайлауда байқаушылар саны көп және тым белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеде сайлау процесінде әр елдегі сайлау заңнамасының сапасын, адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғаудың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін және демократиялық сайлау өткізу тәжірибесінің маңызын қамтамасыз етуде. Сондықтан да, халықаралық байқаушылар маңызды. Бүгінгі сайлауда да көптеген мемлекеттен келіп жұмыс жасап жатқан халықаралық байқаушыларды байқадық.

Үшіншіден, мажоритарлық сайлау жүйесімен түсіп жатқан кандидаттар өз саяси амбицияларын қолдануға жақсы мүмкіндік алып отыр. Бұл дегеніміз, бізде қажет нәрсенің бәрі қазірдің өзінде бар - сайлауға қатысу тәжірибесі, электорат арасында танылу және сайлауалды тұғырнаманы одан әрі жетілдіру мүмкіндігі», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.