АҚШ-тан келген бақылаушы: Мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды

Бақылаушы Ричард Уильям Вейтц таң атқалы Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болған

АҚШ-тан келген бақылаушы: Мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды

Алматы қаласы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында АҚШ-тан келген бақылаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушыларының Миссиясы мүшесі Ричард Уильям Вейтцтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Спикердің айтуынша, ол таң атқалы Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болған, әлі онына баруға ниетті. Ричард Уильм Вейтцпен бірге Қазақстанға Тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, бүгін олар Астанада жұмыс істеп жатыр.

«Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету», - деді ол.

Ричард Уильям Вейтцтың пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ тарапының болуы Америка - Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өмірлік маңызды рөлін растайды.

«Біз трансұлттық лаңкестікпен күрес, аймақтық қақтығыстарды реттеу, экономикалық ресурстарды игеру, әлеуметтік-экономикалық даму сияқты салаларда ынтымақтасамыз», - деп атап өтті АҚШ атынан келген бақылаушы.

Сондай-ақ, ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені тәуелсіз кандидаттар, плакаттар мен үгіт-насихат жұмыстары көп.

АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, бақылаушы АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Ричард Уильям Вейтц біздің жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болатынын атап өтті.

Бүгінгі сайлауды тікелей бақылауға қатысты спикер өз пікірін айтты.

«Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді», - деді Ричард Уильям Вейтц.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.