Саясаттанушы мәслихаттардың қызметі қалай өзгеретінін айтты

Аягөз Құрмаш

Оның пікірінше, атқарушы және өкілдік билікті ажырату өзін-өзі басқаруға алып келеді

Саясаттанушы мәслихаттардың қызметі қалай өзгеретінін айтты

Саясаттанушы Жанар Төлендинова Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атағандай,  мәслихаттар осыған денйін  гибридтік қызмет атқарды. Олар мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару қызметін бірлесе атқарды. Президент осы орайда олар өзін-өзі басқаруды қолға алу керегін нақты айтты. Бұл дегеніміз мәслихаттар бәрінен бұрын жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуі керек. Ол жергілікті жерлерге берілген жер қатынастары, шағын және микро бизнес салығы мәселелерін олар өз құзырына алуы керек. Жергілікті жерлердің абаттандырылуы мен экологиялық жағдайы да жергілікті деңгейде шешілуі керек», - деді ол.

Жанар Төлендиева атағандай, мәслихаттар әкімдердің ығырына көнуі туралы әңгімелер өрбіді.

«Олар партиялардың атынан пропорционалды жүйе арқылы сайланды. Азаматтар өзін-өзі ұсына алмады. Атқарушы және өкілдік билік арасын бөлу өзін-өзі басқаруды енгізу болып табылады. Мәслихат депутаттары халыққа тәуелді болып отыр. Халықтың 25 пайызы өзінің айтқанын орындамаса, олар мандатты қайтарып ала алады. Уәде көп берілді. Енді ол азаматтар оларды орындағанын көреміз», - деді Төлендиева.

19 наурызда, яғни бүгін  қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.