«120/80 дегенді ұмытыңыз»: кардиологтар қандай қан қысымы қалыпты екенін түсіндірді
Мамандар ересектердегі қалыпты қысым өзгеріп отыратынын айтады
Көпшілік жұрт сау адамның қан қысымы тек 120/80 болатынына сенімді. Алайда бұл мүлдем қате түсінік болып шықты. Мамандар қандай сан қалыпты күйді көрсететінін, қысым көрсеткіші арқылы денсаулықтағы проблеманы қалай көруге болатыны туралы түсіндіреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қан қысымы сәл жоғарылап немесе төмендеп кетсе, әдетте бірден мазамыз кете бастайды. Кейбіреулер тіпті болар-болмас айырмашылықтан үлкен қиындық көріп, уайымға салынып кетеді.
Ал шын мәнінде, қалыпты қысым дегеніміз не? Бұл сұраққа көпшілігі бірден «120/80» деп жауап береді. Шындығында, олай емес екен.
«Жоғарғы» қысым (систолалық) және «төменгі» (диастолалық) қысым бар. Бірінші индикатор жүректің жиырылуы кезінде, миокард қан шығарғанда (систола) тамырлардағы қысымды көрсетеді. Ол жүрек соғысының жиілігіне және қан тамырлары қабырғаларының қарсылық күшіне тікелей байланысты. Екінші индикатор немесе төменгі қан қысымы жүрек бұлшықетінің босаңсуы кезінде (диастола) артериялардағы қысымды көрсетеді», - деп түсіндіреді кардиолог-дәрігерлер.
Мамандар сондай-ақ ересектердегі қалыпты қан қысымы 100/60-тан 135/80-ге дейін өзгеріп отыратынын айтады.
«120/80 – дені сау адамдардың көпшілігінің қан қысымының көрсеткіші. Бірақ 90-нан 60-қа дейінгі қысым да қалыпты нәрсе. Сондай-ақ 90-нан жоғары 130-135 дейінгі қысым да қалыпты болуы мүмкін. Бірақ егер қан қысым тыныш күйде 140/90 болып тұрса және үнемі көтеріле берсе, онда гипертензияның бастапқы белгілері пайда болған деген сөз, сондықтан денсаулықты дереу алға алған жөн. Сонымен, систолалық қысымның айтарлықтай таралуы 90-нан 135-ке дейін, диастолалық 60-тан 90-ға дейін болса, ол қалыпты күй болып саналды», - дейді дәрігерлер.
Мамандар сондай-ақ, қан қысымы аритмия, миокардит, гипертониялық аурулар, миокард инфарктісі, жүрек ауруы, инсульт және мидың зақымдануы салдарынан жоғарылайтынын айтады.
Ал түрлі этиологиялық анемия, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел жүрек жеткіліксіздігі салдарынан қан қысымы төмен болып тұрады.
«Сонымен қатар көбінесе бүйрек ауруы мен эндокриндік жүйенің бұзылуынан қан қысымы жоғарылайды. Сондай-ақ қан қысымының көрсеткіштеріне сыртқы факторлар: стресс, демалыстық болмауы, эмоционалды және физикалық шамадан тыс жүктеме, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, климаттың өзгеруі және ауа райы жағдайлары, дәрі-дәрмек қабылдау факьорлары да әсер етеді», - дейді дәрігерлер.