$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2023, 14:49
Қоғам

Ғалымдар миды жас қалпында сақтауға көмектесетін екі диетаны атады

Жаңа зерттеуде авторлар 581 адамның мәйітін зерттеген

Ғалымдар миды жас қалпында сақтауға көмектесетін екі диетаны атады
Фото ашық дереккөзден

Ғалымдар Жерорта теңізі диетасы және MIND диетасының Альцгеймер ауруының даму қаупін азайтып, мидың жастығын сақтайтынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

АҚШ ғалымдарының жұмыс нәтижесі Neurology журналында жарияланды.

Белгілі болғандай, Жерорта теңізі диетасы жемістер мен көкөністерден, сондай-ақ балық пен дәнді дақылдардан тұрады. Ал MIND диетасы гипертонияны тоқтатудың диеталық тәсілдері (DASH) мен Жеорта теңізі диетасының ұстанымдарына негізделген. Соңғысы майлы ет пен майлы сүт өнімдері сияқты қаныққан майы жоғары тағамдарды шектейді.

Жаңа зерттеуде авторлар 581 адамның мәйітін тексерген. Анықталғандай, Жерорта теңізі және MIND диеталарын ұстанатындарда Альцгеймер ауруының белгілері, атап айтқанда, мидағы бета-амилоидты түйіндер мен зиянды түйіршіктер азырақ болған.

«Жерорта теңізі диетасын ұстанатын адамдардың миы оны ұстанбайтындарға қарағанда шамамен 18 жасқа жас болып шықты. Егер MIND диетасы туралы айтатын болсақ, онда ми 12 жасқа жасарады», - дейді ғалымдар.

Серіктес жаңалықтары