ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

«Чек бермейді, бұл көлеңкелі айналым» - сенатор

Ал 554 млн доллар шетелден қайтпаған

Сенатта «Елден капиталды шығаруға және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында Қазақстанда төлем жүйелерін дамыту мәселелері талқыланды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары осы саланың өзекті мәселелерін көтерді. 

«2019 жылы банктер төлем жүйесі арқылы 793 трлн теңге сомасына операциялар жасады, оның ішінде Ұлттық банктің төлем жүйесі арқылы 762 трлн теңге (96%) және жеке төлем жүйесі арқылы теңге 31 трлн теңге (4%) болды», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Ал Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы 554 млн АҚШ долларынан астам қаржының шетелден қайтпағаны туралы деректерді жария етті. Сондай-ақ, ол бұл фактілер   бойынша экономикалық тергеулер қызметінің аумақтық органдарына 436 материал жолданғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, жиында көлеңкелі бизнеске тосқауыл қою жайы да сөз болды.

«Біз үлкен транзакцияларға, терроризмді қаржыландыру, контрабанда, ұрланған капиталды шетелге шығарудың көлеңке жолдары сияқты заңсыз операцияларды анықтауға назар аударып келеміз. Сонымен қатар, біздің бизнес те назардан тыс қалмауы керек. Көптеген сауда нүктелерінде чектер әрдайым беріле бермейді, бұл деген көлеңкелі айналым», - деді сенатор  Ольга Перепечина.