Елімізде хайуанаттар бағын мекендеушілер саны 5% қысқарды, келушілер саны 3% артты

Қазақстанда 18 хайуанаттар паркі жұмыс істейді

Елімізде хайуанаттар бағын мекендеушілер саны 5% қысқарды, келушілер саны 3%  артты

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 хайуанаттар паркі жұмыс істеді. Олардың барлығы Қазақстанның 9 өңірінде орналасқан. 13 зоопарк шағын бизнеске, 3 – орта бизнеске, 2 – ірі бизнеске тиесілі, деп хабарлайды energyprom.kz.

Естеріңізге сала кетейік, көршілес Ресейде хайуанаттар паркіне биылдан бері тыйым салынған. Алайда, бұған қарамастан зообақтардың басқа үлгілеріне шектеу қойылмаған. Заңда жануарларға осындай мекемелерге түскен жабайы жануарлармен  тікелей байланысқа шектеу қойылған.  Өйткені, хайуанттар үшін стресс қауіпті, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

«2019 жылы хайуанаттар паркінің жалпы көлемі 100,3 гектарға жетті – 2018 жылдың көрсеткішімен (99,1 га) салыстырғанда 1,2% - ға артық. Бұл алаңда жануарлар, құстар мен балықтарға арналған алаң 56,3 мың шаршы метр үй-жайлар орналасқан»,- делінген жазбада.

Жануарларға, құстар мен балықтарға арналған үй-жайлардың ең үлкен жалпы ауданы - Шымкент (21 мың ш.м., 1 хайуанаттар бағы), Алматы (20,9 мың ш. м., 2 хайуанаттар бағы) және Қарағанды облысына (8,2 мың ш. м., 4 хайуанаттар бағы) тиесілі.

Хайуанаттар бағында ұсталатын жануарлар, құстар мен балықтар түрлерінің саны бойынша оңтүстік астана көш бастап тұр: 383 түр. Олардың ішінде сүтқоректілердің 75 түрі, құстардың 118 түрі бар.

Екінші орында Шымкент орналасқан. Осы аймақтың хайуанаттар бағында 266 жануар, құстар мен балықтар бар, сүтқоректілердің 71 түрі, құстардың 89 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 28 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, балықтардың 70 түрі және омыртқасыздардың 5 түрі кіреді.

«2019 жылы хайуанаттар бағындағы тіршілік иелерінің жалпы саны 16,6 мың жануарды, құстар мен балықтарды құрады – өткен жылмен салыстырғанда 5,2% - ға кем»,- делінген зерттеуде.

Былтыр Қазақстанда хайуанаттар паркіне 1,7 млн адам келді, жылдық өсім 2,6% құрады. Келушілер үшін 4 мыңнан астам экскурсия өткізіліп, 30 көрме ұйымдастырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.