Маңғыстау облысында 55 шетелдік азамат елден шығарылды
ҚР заңнамасын бұзған 340 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін 55 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстанға келу мерзімі аяқталған, тұрғылықты мекенжайын жиі ауыстырып, осындағы туған-туыстарының үйлерін сағалаған әзербайжандық және өзбекстандық екі азамат анықталды.
Қазіргі таңда материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттері дәлелденген 45 жастағы өзбекстандық азаматқа Қазақстан шекарасынан 5 жылға өтуге тыйым салынып, елден шығаруға үкім шығарылды.
«Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 340 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда шетелдіктер Көші-қон қызметіне хабарламастан тіркеу мерзімдерін өткізіп алады немесе тұрғылықты жерін өзгертеді. Шетел азаматтары ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүріп, соңғы уақытта тіркелуге болады деп ойлайды. Алайда, көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні кешіккен жағдайда ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылады. Тиісінше сот шешімі арқылы етден шығару қолға алынады», – дейді құзырлы орган өкілдері.