ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Төтеншеліктер Нұр-Сұлтанды су тасқынынан қорғау шараларын қолға алды

Төтенше жағдайлар комитеті Есілдің суын соратын болады

Бүгін Үкіметте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Илиннің айтуынша қазір республика бойынша 600-ден астам елді мекенде су тасу қауіпі бар.

«Қарағанды облысында жердің тоң болып қатып қалғанына байланысты, еріген қар суынан Нұра өзені тасуы мүмкін. Ақмола облысындағы Вячеслав су қоймасына су толып кетуі ықтимал. Сондықтан контррегуляторды қосып, суды Нұр-Сұлтан қаласына жібермеу, Есілді толтырмау шарасын қабылдап жатырмыз. Сонымен бірге Ақмоладағы Жабай, Құлатон өзеніне де су толатын шығар. Бұл дегеніңіз Атбасар, Құлатон елді мекендеріне қауіп төнетінін білдіреді. Әрі қарай ең үлкен жүктеме Солтүстік Қазақстандағы өзендерге түседі. Бүгінгі болжамға сенсек, су 1 млрд 200 мың кубтан асса, Сергеев су қоймасынан 3 млрд кубқа дейін су өтіп, әрі қарай Ресейге жөнелтіледі»,- деді Ю.Ильин.

Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қостанай облыстарында да тасқын қаупі жоғары. Төрағаның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында кәріз жүйесі дұрыс істемейтін Тұран, Б.Момышұлы даңғылдарында көшені су басады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

Гидрологиялық зерттеулерге сәйкес, биыл еліміздің кей аумақтарында қар былтырғыдан 40%-ға көп түскен. «Қазгидромет» 26-27 ақпанда бірқатар аймақта жаңбыр жауып, күн жылитынын болжап отыр. Сондықтан көктемнің алғашқы айынан бастап, су тасқыны әбігерге салуы мүмкін.

«Наурыз айы да нормадан 1 градусқа жылы болады. Жауын-шашын да басым аймақтарда нормадан көп түседі. Дегенмен наурызда Орталық, Солтүстік аймақтарда үсік жүріп, ауа температурасы  0-ден төмендеу қаупі бар», - деді бұл туралы «Қазгидромет» АҚ гидрология департаментінің директоры. 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан