$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2020, 12:04
Қоғам

Сенбі күнгі митингтерде 53 адам ұсталды – Тұрғымбаев

Министрдің айтуынша, 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Сенбі күнгі митингтерде 53 адам ұсталды – Тұрғымбаев

22 ақпан күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған митингтерде ұсталған азаматтар туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді.

«22 ақпан күні ҚР Бас прокуратурасының ескертуіне қарамастан еліміздің кейбір қалаларындағы азаматтар заңсыз митингтерге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдары, атап айтқанда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп рұқсат етілмеген минтингілердің алдын алу үшін шараларын қабылдады. Полиция 53 адамды ұстады. 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 адам әңгімелесуден кейін босатылды. Митингтер негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өтті», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, жақында бірқатар қалаларда болған митинг қарсаңында Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев «Прокуратура туралы» заңның 31 бабы тәртібінде үндеу жариялады. Сондай-ақ Бас прокуратурада «ҚДТ» экстремистік ұйымына қатысты брифинг өтіп, органның ресми өкілі Оксана Петерс қашқындағы банкир Мұхтар Әблязов туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары