$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 18:13
Қоғам

«14 наурыз – 1 сәуір». Академик студенттердің каникулын ауыстыруды ұсынды

Ғарифолла Есім Қазақстанда «наурыз каникулы» атты ұғым қалыптасу керек дейді

«14 наурыз – 1 сәуір». Академик студенттердің каникулын ауыстыруды ұсынды

Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім Наурыз мейрамы жалпыұлттық сипатқа ие болу үшін оқушылар мен студенттердің каникулын қыс мезгілінен көктемге ауыстыру керек.

«Наурыз каникулы керек. Ол 14 наурызда басталып, 1 сәуірге дейін жалғасу керек, осы аралықта наурыз мерекесі де бар. Еуропада студенттер жаппай «рождество» каникулына кетеді. Қазір бізде мектеп оқушылар мен жоғарғы оқу орындарының студенттері каникулға қыста кетеді, бұл теріс. Қазақстанда наурыз айында жер ериді, су қаптайды. Студент үйіне барсын, әке-шешесіне көмектессін, ауласын тазаласын, ағаш ексін», - дейді академик.

Оның пайымынша, қысқы каникулды наурызға ауыстыру «оп-оңай дүние». «Ол бірнеше секундтың шаруасы, ниет болса, жасауға болады», - деді Ғарифолла Есім.

«Сонда мынандай көрініс қалыптасады: «Қайда бара жатырсың? – Наурыз каникулына. Қайдан келе жатырсыз? – Наурыз каникулынан». Осылайша, үш миллион оқушы, қаншама студент наурызды сіңістіреді. Осыны айтып келе жатқаныма төрт жылдан асты», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтына» қарасты «Азаматтық алаң» атты талқылау алаңының алғашқы отырысы өтті. Алғашқы отырыста әз- наурыз мерекесін жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге айналдырудың тәсілдері талқыланды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары