Қазақстанда халық саны қалалықтардың есебінен көбірек өскен
Жыл басындағы көрсеткіш: қалалықтардың саны 1,8%, ауыл халқының саны 0,5% өскен

1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша, Қазақстан халқының саны 18,63 млн адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3% артық. Бұл туралы Finprom хабарлайды.
Әдеттегідей, Нұр-Сұлтан (+5,3%) және Алматы (+3,3%) қаласында халық саны көбейген. Ал, өткен жылмен салыстырғанда СҚО, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында халық саны азайған.
Қазақстанда ауыл тұрғындарына қарағанда қалалықтардың саны тез өсіп келеді. Жыл басындағы көрсеткіш бойынша республика қалаларында 10,89 млн адам тұратыны анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8% көп. Осылайша Қазақстандағы қала тұрғындарының үлесі 58,5%-ға дейін жетіп отыр. Ал, ауыл тұрғындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 0,5% өсіп, 7,74 млн адамға жеткен. Ауыл тұрғындары санының азаюы 8 облыста байқалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда халық санағы жүргізіледі. Статистика комитеті 2020 жылы жүргізілетін халық санағына 8 млрд теңге бөлінетінін айтты.