ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

«Қателік енді қайталанбайды» - «Бәйтерек» басшылығы пәтерсіз қалған шымкенттік салымшылар туралы

Шымкенттегі 176 салымшының не себепті пәтерсіз қалғаны белгілі болды

фото: басшылықтан жағдайды түсіндіруді талап еткен салымшылар, 23 қаңтар

Жақында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй алуға кезегі жеткен 176 шымкенттік салымшы дау шығарып, өздеріне тиесілі пәтерден айрылып қалғандарын айтқан болатын. Олардың сөзінше, банк өз салымшылары арасында байқау өткізіп, көпқабатты 4 үйдің пәтерлерін үлестірген. Алайда, әкімдік ол үйлердің банк салымшыларына емес, жастар мен көпбалалы аналарға берілетінін айтып, қуаныштарын су сепкендей басыпты.

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі салымшылар дауы: қала әкімдігі байқаудың талапқа сай өтпегенін айтты

«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев бұл мәселеден хабардар екенін және қала әкімдігі сұраныстағы баспанамен қамтуға дайын болмай шыққанын айтты.

«Біз бұл мәселені білеміз. Себебі, Шымкент қаласы сұраныс бойынша жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етуге дайын болмай шықты. Мемлекет басшысының тапсырмасы (жас мамандарға жалға берілетін үй ұсыну – авт.) қыркүйекте айтылды, сондықтан, жас мамандарды пәтермен қамтамасыз ету үшін әкімдік әзірге жас отбасылардың сұранысын қанағаттандыру керек деген шешім қабылдады», - деді.

Сондай-ақ холдинг басшысының орынбасары банк салымшылары ешқашан пәтерсіз қалмайтынын айтты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары пәтерсіз қалмайды. Бір рет жасалған бұл техникалық қателік енді қайталанбайды деп ойлаймыз», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан