$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2020, 12:27
Қоғам

Алматылықтар газға қосылу үшін 0 пайыздық несие ала алады – Б.Сағынтаев

Қалаға қарасты Наурызбай ауданындағы үйлердің көбі әлі орталық газ құбырына қосылмаған

Алматылықтар газға қосылу үшін 0 пайыздық несие ала алады – Б.Сағынтаев

Алматыдағы «Шұғыла» ықшамауданындағы көп қабатты үйлерге орталық газ құбыры жүргізілмегендіктен тұрғындар электр энергиясын пайдалануға мәжбүр. Ал, тоқты жаппай қолданған соң, жарық жиі сөніп қалады екен. Бүгін қала әкімінің есебіне келген тұрғындар осылай деді.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыны газдандыру жұмыстары әлі жалғасып жатқан көрінеді. Көгілдір отынды үйге кіргізу үшін тұрғындарға айтарлықтай жеңілдіктер жасалады деп сендірді әкім.

«Алатау және Наурызбай ауданындағы 210 үйдің 62-ін газ желісіне қосу жұмысы қалды. Екі ауданда да мердігер компаниялармен келісімшарт жасалды. Жұмыстарды 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қала әкімдігі Халық банкпен бірлесіп, мегаполис тұрғындарына газбен жылыту және үйішілік жабдықтарға қосылу үшін 0 пайызбен несие беру туралы келісімге қол жеткізді. Қазіргі уақытта несие беру мерзімі қарастырылуда. Сондай-ақ, Халық банктің аз қамтылған азаматтарды газға және газбен жылыту үшін үйішілік жабдықтарға субсидия бөлу мәселесі қарастырылды. Менің білуімше, көпқабатты тұрғын үлерге мұндай газ кіргізу қауіпті. Бүгін мамандар осы айтқан аудандарды қарайды», - деді Б.Сағынтаев.

Жалпы, Алматының жеке секторында 2912 үй газдандырылмаған. Оның ішінде 1791 үй желіге қол жеткізе алса, 1121 үйдің қосылу мүмкіндігі жоқ.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары