Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдында есеп беріп жатыр
3200 орынға арналған Halyk Arena-ға тұрғындар таңғы сағат 8-ден бастап келген
Сағат 10:00-ге жоспарланған кездесу уақытынан кеш басталды. Қала әкімі 10:22-де мінберге көтеріліп, өткен жылы атқарған жұмысы мен жеткен жетістіктері жайында баяндап жатыр.
Белгілі болғандай, өткен жылдың 9 айында Алматыда ЖІӨ 4,8%-ға өскен. Сондай-ақ, былтыр 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 88 бизнес нысаны ашылған. Әкімдіктің мәліметінше, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, пайдалануға берілген баспана саны, құрылыс ауқымы да айтарлықтай өскен.
Бақытжан Сағынтаевтың есебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «тыңдайтын мемлекет» қағидатының жалғасы ретінде жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің хабарлауынша, Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізген.
Қала әкімінің есептік кездесуі үш сағатқа жоспарланған.