$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2020, 00:54
Қоғам

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді

Елімізде 230 мыңнан астам медицина қызметкері бар

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігердің орыны бос тұр. Әсіресе ауыл-аймақтарда маман жетіспейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінде, бүгінгі таңда  емханаларға 700-ден астам жалпы тәжірибедегі дәрігер керек. Сосын педиатр, акушер-гинеколог, онкологтар мен аллерголгтар жетіспейді. Кардиолог, хирургтерге де сұраныс жоғары. 

«Қарағанды облысына 400-ден астам, Солтүстік Қазақстанға 200-ден астам, Батыс Қазақстанға 200,  Жамбыл облысына 100 дәрігер керек. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының өзінде жүздеген маманның орны бос», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір қызметте жүргендердің 25 проценті зейнет жасына тақап қалған. Жалпы, елімізде 230 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның 70 мыңға жуығы дәрігер. 

 

Серіктес жаңалықтары