ШұғылЕлімізде тағы 813 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда жедел жәрдем көліктері балшыққа батып қалды

Оқиға Аязби көшесінде болды 

Алматыдағы «Думан» шағын ауданындағы көшелердің саз-балшығына жедел жәрдем көлігі тығылып қалды. Алматыда соңғы тәулікте толассыз жауған жауын-шашыннан соң, елді мекендегі көшелерде жаяу жүргіншінің де, көліктердің де қатынауы қиындаған. Бұл видеоны бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Ерқанат Тұрсынжанұлы деген азамат жүктеді. «Facebook» қолданушысы:  

«Бұл Қазақстан! Кезінде Заманбек Нұрқаділов жер телімдерін беріп,қазақтар қалаға қоныстансын деген «Думан» шағынауданы! Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Халық-Арена» спорт кешенінің маңы!», - деп жазды.

Пікір жазушылар батпаққа батып тұрған екі бірдей жедел жәрдем көлігі осы аудандағы Алматы көпсалалық клиникалық ауруханасына бара жатқанын айтады.

Azattyq Rýhy-на бұл деректі Медеу ауданы әкімінің орынбасары Олжас Мәдиев растады.

«Жедел жәрдем көліктері ауруханаға баратын Аяз би көшесінде тұрып қалған, кешке дейін жолға шағыр-тас себіліп, көлік қатынасы реттеледі», - деп жауап қатты.

Біздің редакция өткен аптада Алматы қаласы Медеу ауданындағы көшелердің қазіргі жағдайы туралы  ақпарт берген болатын. 

Оқи отырыңыз:  «Думан». Алматының ішіндегі ауыл

Ришат Асқарбекұлы, Алматы