ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталды

Әлемдегі ең бай адам Жерді құтқару үшін $10 млрд бөлді

Бұл туралы ол Instagram парақшасында  жазды

Amazon басшысы Джефф Безос өз атымен аталатын Жер Қорын құрып, климаттық өзгерістерге қарсы  күресетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен бұған дейін ашылған ғылыми зерттеулерді  дамыта отырып, климаттың өзгеруіне қарсы тұратын басқа да жаңалықтар ашқым келеді», - деп жазады Безос.

Ол үшін  Безос $10 млрд бөледі, Жер қорынан қаражат осы проблеманы шешумен айналысатын ғалымдарға, белсенділерге және үкіметтік емес ұйымдарға берілетін болады.

«Мен осы жазда гранттар беруді бастаймын», - деді миллиардер.

Безос компанияларға, елдердің үкіметтеріне, халықаралық ұйымдарға және қарапайым адамдарға бірлескен жұмысты бастау туралы үндеді.

«Жер барлығымызды біріктіреді, оны бірге қорғайық»,  – дейді.

Бұрын хабарланғандай, Джефф Безос Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін қайта басқарды. Ол $115,5 млрд көрсеткішімен Louis Vuitton moet Hennessy Бернар Арноны басып озды.