Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады
Тариф Алматы мен Шымкентте өскен
Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында электр энергиясын өндіру 107,5 млрд кВт/сағ құрады.
Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,2% - ға артық. Бір жыл бұрын өсім 4% құраған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy ranking.kz сілтеме жасап.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылдан бастап елімізде электр энергиясының бағасы қымбаттаған. Өсім 4,95% - ды құрады. Бұған Энергетика министрлігінің шекті тарифті көбейтуі себеп екен.
Бұл ретте, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша, қаңтар айында электр энергиясының тарифтері өткен жылдың желтоқсанына қарағанда орташа есеппен 1% - ға өскен. Алматыда – 4,6% - ға Шымкентте – 5,3% - ға қымбаттаған.
Сонымен қатар халықтың электр плитасын қолданғанына қарамастан баға бір айда 0,5–0,6% - ға өсті.
«1 - ші деңгейдегі тарифтер электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін 0,5% - ға, 100 кВт/с-қа 1146 теңгеге дейін, ал 100 кВт/с-қа 1129 теңгеге дейін өсті. 2 - ші және 3-ші деңгей үшін өсім бір айда 0,6% - ды, 100 кВт/сағ үшін 1482 және 1483 теңгені және 100 кВт/сағ үшін 1828 және 1829 теңгені құрады», - делінген хабарламада.