$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2022, 21:14
Қоғам

Шымкентте 48 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

Сертификат тұрғын үй ипотекасының алғашқы жарнасын жабуға арналған

Шымкентте 48 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.

Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы », «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Серіктес жаңалықтары