Қазақстанда 15 баласы бар жалғыз отбасы тұрады – Еңбек министрі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, ол отбасы СҚО-да тұрады

Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісінде енді жеті және одан да көп отбасыларға да табысына қарамастан жәрдемақы төленетіні хабарланды. Енді сегіз баласы бар отбасылар  , 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңге жәрдемақы төленеді.

«Біз осы дұрыс болады деп санаймыз. Өйткені, 11-12 баласы бар ата-аналар келіп, жеті бала үшін ғана берілетін жәрдемақы алып отырғандарын айтты. Мәжіліс тарапынан заң жобасы бар, Үкімет оған қорытынды берді, жақын арада Парламент қабылдайды. Сол заң жобасының ішінде бұл норманы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылдауды, яғни, қайта есептеу жүріп, сегіз және одан да көп баласы бар отбасылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жәрдемақыны ала бастауын ақылдастық. Яғни, қайта есептеу болады», - деді министр.

Оның дерегіне сүйенсек, Қазақстанда жеті  баладан көп баласы бар отбасылар саны – 2451.

«Ал, 15 баласы бар отбасы біреу ғана, ол Қазақстанның солтүстігінде тұратын отбасы», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты