Атаулы әлеуметтік көмек, жолақы, балалардың тамағы бір картамен төленеді
Осы қызметтердің барлығы әлеуметтік ID картасы арқылы төленеді деген жоспар бар

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде министр Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
Жалпы, Нұрымбетовтің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электронды форматқа өтуі керек.
«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтінішті электронды форматта қабылдап, автоматты түрде төлеу мәселесі де осы жұмыс аясында жетіледі»,- дейді министр.
Қызметтер мен төлемдерді электронды форматқа ауыстыру аясындағы жобаның бірі министр хабарлағанда, «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» деп аталады. Жоба әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау ашық, ал төлемді алу барынша қолайлы болу үшін қолға алынған.
«Әлеуметтік ID» атаулы әлеуметтік көмекті төлеу, қоғамлық көлікте жеңілдікпен жол жүру, көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларының мектептерде тегін тамақтануын төлеуді көздейді», - деді алқа мәжілісінде баяндама жасаған министр.
Ілкі жоба Ақтөбе облысында 2019 жылдың шілдесінен бастап іске қосылған. «Әлеуметтік ID жобасының операторы
«Қазпошта» болды. Жоба аясында 5 мыңға жуық карта басылып, 31 мың транзакция жасалды», - деп хабарлады министр.
Оның айтуынша, жоба қазір Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында енгізіліп жатыр.
«2020 жылы жобаны барлық облыс орталықтарына тарату қажет», – дейді Еңбек министрі.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан