$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2020, 12:36
Қоғам

Қазақстанда заңгер мен экономист көп, күзетші мен тәрбиеші тапшы

Қазақстанда жұмыссыз жандардың қатары бір жыл ішінде 0,1%-ға қысқарған

Қазақстанда заңгер мен экономист көп, күзетші мен тәрбиеші тапшы

Қазір республика бойынша жұмыспен қамтылған халық саны 8,8 млн адам екен. Соның ішінде 1,4 млн адам көтерме және бөлшек сауда саласында, 1,2 млн адам орман, балық, ауыл шаруашылығы саласында, 1,1 млн адам білім саласында қызмет етеді екен. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.

2019 жылдың 4 тоқсанындағы көрсеткіш бойынша елімізде жұмыссыз жүрген азаматтардың саны 441,4 мың адам, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға азайған.

Электрондық еңбек биржасының мәліметі бойынша, Қазақстандағы ең тапшы әрі сұранысқа ие мамандыққа күзетші, қазандық операторы, медбикелер мен тәрбиешілер кіреді екен. Ал, елімізде ең көп кездесетін кәсіп иелері заңгер, экономист, малшы, қаржыгерлер екен.

Жұмыссыздық көрсеткіші халық тығыз орналасқан өңірлерде жоғары. Жұмыссыздардың саны бойынша көш басында Алматы қаласы (49,2 мың адам, бір жылда +0,8% өсім), Алматы облысы (48,2 мың адам) және Түркістан облысы (42,1 мың адам).

Серіктес жаңалықтары