$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2020, 04:24
Қоғам

Биыл түлектер ҰБТ-ны қағаз түрінде тапсырады

ҰБТ барысын қадағалауға жасанды интеллект енгізілуі мүмкін

Биыл түлектер ҰБТ-ны қағаз түрінде тапсырады

Биыл да Ұлттық бірыңғай тестілеу әдеттегі қағаз түрінде өтетін болды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Айта кетерлігі, биыл ҰБТ қағаз түрінде өтеді. Өйткені, бұл мәселеге қатысты соңғы кезде күмәнге толы сауалдар көбейіп кетті. Қазір біз компьютермен тест тапсыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз түріндегі тест тапсыруды алып тастаймыз деген сөз емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түрлі ақпараттар тарап жатыр. Биылғы маусым айында болатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің қағаз түрінде өтетінін атап өткім келеді, соның нәтижесі бойынша білім гранттары табыс етіледі», – деді Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында.  

Тағы бір айта кетерлігі, Смағұлов биыл ҰБТ тапсыру барысын қадағалауға жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.   

Серіктес жаңалықтары