Берік Уәли Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің саны туралы айтты
Президенттің баспасөз хатшысы жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің саны туралы әлеуметтік желіде тараған алыпқашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің саны жайында
Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр. Шындығында, Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз. Жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.