ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қордайдағы қақтығыс: 19 полиция қызметкері зардап шекті

Жарақат алғандардың ішінде Алматы облыстық полиция департаменті бастығының  орынбасары бар

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

«8-ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орнына  алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келді. Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алған. 9– ы атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды. Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы -екі санның жоғарғы жартысынан жараланды»,- делінген хабарламада.

Жағдай тұрақталған соң полиция  қызметкерлері орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінген. Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің (бронежилет) арқасында алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталды.

«Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда. Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков жарақат алғандардың қатарында. Оған жасалған операция сәтті шығып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ»,- деп жазады Polisia.kz.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде .