11.02.2020, 12:29
Қоғам
«Киара» дауылы Ұлыбританияны астаң-кестең етті
Желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін жетіп, нөсер жаңбыр толастамай тұр
Жойқын желден мыңдаған адам баспанасынан айрылды. Электр желілері үзілгендіктен жарық та жоқ, деп хабарлайды bbc.com. Құлаған ағаштар көліктерді жайпап тастаған. Қазір Ұлыбританияның барлық аумағында қауіпті жасыл түс деңгейі енгізілді. Көптеген аймақтарда тасқын жүру қаупі жоғары. Бірнеше әуе компаниялары халықаралық және ішкі рейстерін қысқартып жатыр. Әуеден бөлек, теміржол көлік пен кеме қозғалысы да тоқтатылды.
Синоптиктердің мәліметінше, «Киара» дауылы осы аптаның соңына дейін жалғасады.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды