Жүзден астам тұтынушы «Бек Эйрден» ақшасын қайтара алмай жүр
Компанияны сотқа берген комитет талап арызды толықтырмақ

31 қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сотына «Bek Air» әуе компаниясының үстінен шағым түсіріп, талап арыз берді. Талап арыз беруге «Bek Air» әуе компаниясының тұтынушыларына орындалмаған рейс билеттерінің ақшасын қайтармауы себеп болған. Комитет 444 434 теңгеге билет сатып алған 20 адамның құқығының бұзылуы бойынша арызбен шағымданды.
«Сотқа талап арыз берген сәттен бастап комитеттің «шұғыл желісіне» «Bek Air» әуекомпаниясына қатысты тағы 100-ден астам адам өтініш түсті. 57 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 32 өтініш түскен. Сондай-ақ комитет 77 тұтынушының (сомасы 2,1 млн теңге) бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 44 өтінішті қабылдады», - делінген комитет хабарламасында.
Құқығы бұзылған тұтынушылар кеңес алу үшін комитеттің «шұғыл желісіне» хабарласа алады: 74-98-32, 74-98-36. Ал, өтініштерді комитеттің пошталық мекенжайына жібере алады. Бұдан бөлек, фискалдық чек немесе басқа да растайтын құжаттардың, билеттердің және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты «Bek Air» әуе компаниясының рейстері 16 ақпанға дейін шегерілді.