ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Bek Air компаниясының рейстері 16 ақпанға дейін шегерілді

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшыраған еді 

Фото: ашық дереккөзден

Bek Air компаниясы жоспарланған бағыттар бойынша 16-шы ақпанға дейін ұшып кете алмайтындарын хабарлады. Бұл туралы компания Instagram желісіндегі ресми парақшаларында жазып, клиенттерге билет ақысын қайтарып алу үшін не істеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.

Билетті қайтару рәсімін әуе билеттері сатып алынған жерлерде жасауға болады. Егер сіз Бек Эйр веб-сайты арқылы билеттерді сатып алсаңыз, электронды пошта арқылы хабарлауыңыз керек.

«Техникалық қиындықтарға байланысты қазіргі уақытта ақшаны қайтару процесі жүргізілмейді. Алайда, билет бағасын өтеу бойынша барлық міндеттемелер орындалады», - делінген Bek Air әуекомпаниясының хабарламасында.

Айта кететіні, бұған дейін Сауда министрлігі Bek Air компаниясының басшылығына клиенттерге ақшаны қайтаруды талап етіп, хат жазған. Өз кезегінде компания қызметкерлері бір айдан бері жалақы алмағандарын мәлімдеген. Сонымен қатар, көпшілігінде несиелер мен қарыздар бар.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: