$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2022, 10:18
Қоғам

Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарайды – EU Reporter

Қазақстанда оның партиясы террористік ұйым деп танылған

Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарайды – EU Reporter
Фото ашық дереккөзден

EU Reporter басылымы Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қатысты мақала жариялады деп жазады El.kz. Мақала «Францияның босқындар ісі жөніндегі соты Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр» деп аталады.

Журналистер қазақстандық экс-банкирдің тағдыры жақын күндері шешілетінін мәлімдеп отыр. Сотта Әблязовтың босқын ретінде Францияда қалу мәселесі немесе алаяқтығы бойынша экстрадициялануы қаралатынын айтқан.

«Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын уақытта қашқын олигархтың тағдырын шешеді», - делінген аталған мақалада.

Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы қашып кеткен. Оған БТА-Банктің 7,5 млрд долларын жымқырды деген айып тағылған еді. Миллиардер Франциядан саяси баспана алып, босқын ретінде өмір сүріп жатыр.

«Paris Match» басылымының жазуынша, Франция Әблязовқа бұдан әрі де қолдау көрсетіп, саяси баспанасынан айырмаса Қазақстанмен арасы нашарлап кетуі мүмкін. Өйткені, француздардың біздің елде қорғаныс және уран өндірісі салаларында ірі контрактілері бар.

Әблязовтың экстрадициясын Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі ел де экс-банкирді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған.

Серіктес жаңалықтары