$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2022, 00:20
Қоғам

Шолақайдағы қызды зорлап өлтіру қылмысының тергелуін облыстың полициясы өз бақылауына алды

Күдікті бұған дейін де қыз зорлап сотталған

Шолақайдағы қызды зорлап өлтіру қылмысының тергелуін облыстың полициясы өз бақылауына алды
Көрнекі фотосурет

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылында болған жантүршігерлік қылмыстың тергелуін облыстың Полиция департаменті өз бақылауына алды деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қоғамдық резонанс туғаннан кейін елдімекенге қосымша күштік құрылымдар тартылған. Ауданда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ауылдағы тәртіп полиция бақылауында.

«Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға байланысты жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың ашу-ызасын тудырып, құқық қорғау органдарына деген сенімсіздікті оятады. Сондықтан, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін ескертіп, азаматтарды тек ресми деректерге сенуге шақырамыз», - делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, Шолақай ауылында 15 жастағы жеткіншекті зорлап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп көміп тастаған күдікті ұсталды. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын. Бұған дейін де зорлау қылмысы бойынша сотталған. «Время» басылымының жазуынша, түрмеде тәртібі жақсы болғаны үшін қылмыскерді уақытынан бұрын бостандыққа шығарған.

Қазіргі таңда 1984 жылғы күдікті қамауға алынды. Оның үстінен «адам өлтіру», «кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру» және «кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның қылмысынң бәрі сотта дәлелденсе ол өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары